Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық Азия чемпионатында Өзбекстанның үздік боксшысымен жұдырықтасады

Опубликовано:

Санатәлі Төлтаев
Фото: sports.kz

Бокстан Азия чемпионатында 63,5 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Санатәлі Төлтаев 1/8 финалда Өзбекстанның үздік былғары қолғап шеберімен жұдырықтасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1/16 финалда Өзбекстан боксшысы Руслан Абдуллаев жапониялық қарсыласы Шунсуке Китамотодан басым түсті.

Енді ол қазақстандық Санатәлі Төлтаевпен ширек финалға берілетін жолдамаға таласады.

Олардың арасындағы жекпе-жек 2-қараша күні өтеді.

Айта кетейік, Бокстан XXXII Азия чемпионаты 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын әдеттегідей Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995275-qazaqstandyq-aziya-cempionatynda-ozbekstannyn-uzdik-bokssysymen-zudyryqtasady/

pixel