"Бавария" футбол клубы жаңа рекорд орнатты (фото)
Опубликовано:

Мюнхендік "Бавария" УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің алтыншы турында миландық "Интерді" жеңіп, турнир рекордын орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Альянц Аренада" өткен матчта "Бавария" 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Гол авторлары Бенжамин Повар мен Эрик Шупо-Мотинг.
Осылайша, "Бавария" Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты. Клуб екі жыл қатарынан топтық кезеңдегі барлық матчтарда жеңіске жеткен алғашқы ұжым атанып отыр.
С тобының нәтижесі:
- "Бавария" - 18 ұпай,
- "Интер" - 10 ұпай,
- "Барселона" - 7 ұпай,
- "Виктория" - 7 ұпай.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995382-bavariya-futbol-kluby-zana-rekord-ornatty-foto/