"Әжғалиев бар": Шорт-тректен Әлем Кубогының екінші кезеңінде ел намысын қорғайтын спортшылар кім

Опубликовано:

Шорт трек
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

4-6 қараша аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен Әлем Кубогының 2-кезеңі өтеді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Юта штатында жарыс жолына шығатын Ұлттық құрама спортшылары:

Ерлер – Абзал Әжғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Антон Хван;

Әйелдер – Алина Әжғалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Алена Волковицкая, Анастасия Астраханцева, Ольга Тихонова;

Бас бапкер – Нұрберген Жұмағазиев.

Айта кетейік, Канаданың Монреаль қаласында өткен алғашқы кезеңде ерлер құрамасы 5 шақырым эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген.

Қазір 5000 метрге жарыста әлем рейтингінде Ұлттық құрама 9-сатыда келе жатыр (12094 ұпай).

Ал Абзал Әжіғалиев 500 метрге жарыста В финалында 2-орынға тұрақтаған. Осы қашықтықта бақ сынаған Денис Никиша жартылай финалда ереже бұзғаны үшін пенальти алып, жарыс жолынан шығып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995415-azgaliev-bar-sort-trekten-alem-kubogynyn-ekinsi-kezeninde-el-namysyn-kimder-qorgaidy/