Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирге қатысады

Опубликовано:

Спорт
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

12-13 қарашада Египеттің Александрия қаласында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Бәсекеге Қазақстаннан грек-рим күресінің шеберлері аттанады. Олардың арасында тәжірибелі бозкілем шеберлерімен қатар бірқатар жас спортшы бар, деп жазады Спортты дамы дирекциясы.

Құрама тізімі:

Марлан Мұқашев (55 келі),

Ернұр Фидахметов, Ернар Фидахметов (60 келі),

Ғалым Қабдунасаров (63 келі),

Дастан Зарлыханов, Мұхамедәлі Мамырбек (63 келі),

Дінмұхамед Қошқар, Сұлтан Әсетұлы, Данияр Қаленов (үшеуі де – 67 келі),

Ерасыл Нұрбосынов (72 келі),

Демеу Жадыраев, Азат Садықов, Ибрагим Магомедов (үшеуі де – 77 келі),

Жаңтас Нұрғали мен Бақдәулет Азамат (87 келі),

Юсуф Мациев (97 келі),

Антон Савенко, Мансұр Шадукаев (130 келі).

Ұлттық құраманың бас бапкері – Серік Жұмашев. Аға бапкер – Григорий Камышенко.

Айта кетейік, өткен жылы бұл турнир Шарм-эль-Шейх қаласында 13 елдің қатысуымен өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1995584-qazaqstandyq-baluandar-xalyqaralyq-turnirge-qatysady/

pixel