Футзалдан Чемпиондар лигасы: "Қайраттың" элиталық кезеңдегі қарсыластары анықталды
Опубликовано:

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі алматылық "Қайраттың" қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Алматылық ұжымның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, "Қайрат" португалиялық "Бенфика", чехиялық "Хрудим", мальталық "Сэнт-Эндрюспен" бір топта өнер көрсетеді.
Топтан "Төрттік финалға" 1 команда ғана шығады.
Ойындар 23-26 қараша аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде үш матч өткізіп, бес ұпаймен элиталық кезеңге жолдама алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995656-futzaldan-cempiondar-ligasy-qairattyn-elitalyq-kezendegi-qarsylastary-anyqtaldy/