"Ұйықтап жатқан": Хвича Кварацхелиянің көлігін үйінің алдынан ұрлап кетті
Опубликовано:

"Наполи" футбол клубының жартылай қорғаушысы Хвича Кварацхелиянің Неапольдағы үйінің алдынан көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды Sports.ru.
Ұрылар футболшының Mini Countryman көлігін ұрлап кеткен. Бұл уақытта Хвича Кварацхелия үйінің екінші қабатында ұйықтап жатыпты.
"Наполидің" жартылай қорғаушысы полицейлерге болған жайтты баяндап берген.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995758-uiyqtap-zatqan-xvica-kvaracxeliyanin-koligin-uiinin-aldynan-urlap-ketti/