Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алғаш рет семсерлесуден Әлем Кубогы өтеді

Опубликовано:

Семсерлесу
Көрнекі фото: pexels.com

5-6 қарашада Алматы қаласы елімізде алғаш рет өтетін семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогын қабылдайды. SADU Arena спорт кешенінде жарыстың бірінші күні жекелей, ертесіне командалық сайыс жеңімпаздары анықталмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрықты бәсекеде 10 елдің 50-ден астам атлеті өнер көрсетеді деп күтіліп отыр. Олардың 22-сі қазақстандық спортшылар.

Турнир қорытындысы бойынша келесі жылғы Әлем және Азия чемпионатына қатысатын жастар құрамасы жасақталмақ.

Almaty Jastar Saber Cup-ты Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық семсерлесу федерациясы ұйымдастырады.

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) ұйымдастыру жұмысы мен жалпы жарысқа бақылау жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1995766-qazaqstanda-algas-ret-semserlesuden-alem-kubogy-otedi/

pixel