Абзал Әжғалиев Әлем Кубогында күміс жүлдеге қол жеткізді
Опубликовано:

Абзал Әжғалиев АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен өтіп жатқан Әлем Кубогының 2-кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстандық шорт-трекші 500 метрге жарыста тек канадалық Максим Лауннан қалып кетті. Үздік үштікті оңтүстік кореялық Ли Жун Со қорытындылады.
Бұдан бөлек Нұртілек Қажығали 1500 метрлік сында финалда бақ сынап, 5-сатыдан көрінді.
Айта кетейік, Юта штатында Қазақстан толық құрамда сынға түсіп жатыр:
Ерлер – Абзал Әжғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Антон Хван;
Әйелдер – Алина Әжғалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Алена Волковицкая, Анастасия Астраханцева, Ольга Тихонова;
Бас бапкер – Нұрберген Жұмағазиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995921-abzal-azgaliev-alem-kubogynda-kumis-zuldege-qol-zetkizdi/