Йорданияның Амман қаласында бокстан Азия чемпионатының өтіп жатқаны белгілі. Байрақты бәсеке 13-қараша күні мәресіне жетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта турнирдің жартылай финалына он төрт қазақстандық шықты. Демек кем дегенде ел қоржынына он төрт медаль түсіп отыр.
Жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлері:
Ерлер:
Санжар Ташкенбай (48 келі),
Сәкен Бибосынов (51 келі),
Махмұд Сабырхан (54 келі),
Серік Теміржанов (57 келі),
Саматәлі Төлтаев (60 келі),
Дулат Бекбауов (67 келі).
Әйелдер:
Алуа Балқыбеков (48 келі),
Жазира Орақбаева (52 келі),
Жайна Шекербекова (54 келі),
Карина Ибрагимова (57 келі),
Мадина Нұршаева (66 келі),
Дариға Шәкімова (70 келі),
Гүлсая Ержан (81 келі),
Лəззат Күнгейбаева (+81 келі).
Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.
Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.
Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996033-bokstan-aziya-cempionaty-qazaqstan-qorzynynda-qansa-medal-bar/