Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таеквондодан Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды

Опубликовано:

Таеквондо
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Мексиканың Гвадалахара қаласында 13-20 қараша аралығында таеквондодан Әлем чемпионаты өтпек. Байрақты бәсекеге ерлер мен әйелдер арасындағы 16 салмақта 122 елдің спортшылары қатысады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Ел намысын 15 спортшы қорғайды.

Олар:

Ерлер құрамасы – Тамирлан Тілеулес (54 келі), Самирхон Абабакиров (58 келі), Камран Нурадинов (63 келі), Алмат Қожахмет (68 келі), Нұрқанат Қожахмет (74 келі), Рахым Әділханов (80 келі), Смайыл Дүйсебай (87 келі), Руслан Жапаров (87 келі);

Әйелдер құрамасы – Рита Бакишева (46 келі), Ботагөз Қапанова (49 келі), Азиза Қаражанова (53 келі), Камила Аймұқашева (57 келі), Жадыра Хайруллина (62 келі), Нұрай Құсайынова (67 келі), Жансель Дениз (73 келі);

Бас бапкер: Батырбек Есдәулетов.

Гвадалахара Латын Америкасында әлем чемпионатын қабылайтын Пуэбладан (2013 жылы) кейінгі екінші қала болмақ. Бұдан бөлек аталған құрлықта 2014 (Керетаро) пен 2015 жылы (Мехико) Гран-Придің финалы өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996058-taekvondodan-alem-cempionatynda-el-namysyn-qorgaityn-sportsylardyn-esimi-belgili-boldy/

pixel