Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беспаев лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Арслан Беспаев
Арслан Беспаев. Фото: "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі

Арслан Беспаев "Астана" футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Астана" футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол "ҚазМұнайГаз" акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшелерінде, Алматы қаласының қаржы басқармасында және Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеген.

2019 жылдан 2022 жылдың наурызына дейін "Астана" футбол клубының бөлімдерінің бірінде басшылық қызметте болды.

Сонымен қатар клубта атқарушы директор лауазымын атқарды.

Еске сала кетейік, "Астана" клубы кеше, 6-қарашада сырт алаңда қарағандылық "Шахтерді" ұтып, ел біріншілігінің жеңімпазы атанды. Екінші орынға "Ақтөбе" табан тіреді. Үздік үштікті қостанайлық "Тобыл" қорытындылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996062-bespaev-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel