Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Әлем чемпионатына баратын Бразилияның құрамы белгілі болды

Опубликовано:

Жанкүйер
Фото: pexels.com

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына баратын Бразилия құрамасының толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Бразилия футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қақпашылар:

  1. Алиссон ("Ливерпуль"),
  2. Эдерсон ("Манчестер Сити"),
  3. Уэвертон ("Палмейрас").

Қорғаушылар:

  1. Алекс Сандро ("Ювентус"),
  2. Бремер ("Ювентус"),
  3. Данило ("Ювентус"),
  4. Алекс Теллес ("Севилья"),
  5. Дани Алвес ("Пумас"),
  6. Эдер Милитао ("Реал Мадрид"),
  7. Маркиньос ("ПСЖ"),
  8. Тиаго Силва ("Челси").

Жартылай қорғаушылар

  1. Каземиро ("Манчестер Юнайтед"),
  2. Фред ("Манчестер Юнайтед"), 
  3. Эвертон Рибейро ("Фламенго"), 
  4. Фабиньо ("Ливерпуль"),
  5. Лукас Пакета ("Вест Хэм"),
  6. Бруно Гимараэс ("Ньюкасл").

Шабуылшылар:

  1. Антони ("Манчестер Юнайтед"),
  2. Габриэл Мартинелли ("Арсенал"),
  3. Габриэл Жезус ("Арсенал"),
  4. Неймар ("ПСЖ"),
  5. Педро ("Фламенго"),
  6. Рафинья ("Барселона"),
  7. Ришарлисон ("Тоттенхэм"),
  8. Родриго ("Реал Мадрид"),
  9. Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид").

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Бразилия, Сербия, Швейцария және Камерун G тобында өнер көрсетеді.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1996140-futboldan-alem-cempionatyna-baratyn-braziliyanyn-quramy-belgili-boldy/

pixel