"Реал Мадрид" пен "Райо Вальекано" арасындағы матчта күтпеген нәтиже тіркелді

Опубликовано:

Футбол
Көрнекі фото: pixabay.com

Түнде футболдан Испания чемпионатының 13-турының матчты өтті. "Реал Мадрид" сырт алаңда "Райо Вальеканомен" кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Матчтың нәбәрі бесінші минутында есеп ашылды. Гол авторы - "Райо Вальеканоның" жартылай қорғаушысы Санти Комесанья.

37-минутта қонақтар есепті теңестірді. Он бір метрлік айып добынан "Реал Мадридтің" ойыншысы Лука Модрич мүлт кеткен жоқ.

Араға үш минут салып корольдік клуб алға шықты. Эдер Милитао әріптесі Марко Асенсиноның пасын голға айналды.

Алғашқы таймның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда "Райо Вальеканоның" жартылай қоғаушысы Альваро Гарсия есепті теңестіріп кетті.

Екінші тайм қос клубтың алма-кезек шабуылымен жалғасты. Нәтижесінде 67-минутта алаң иелері пенальтиден (гол авторы Оскар Трехо) гол ұрып, матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, "Райо Вальекано" мен "Реал Мадрид" арасындағы матч 3:2 есебімен аяқталды.

Испания чемпионатының 13-турынан кейін корольдік клуб турнирлік кестеде екінші орынға сырғыды. Көш басына Хави жаттықтыратын "Барселона" шығып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1996174-real-madrid-pen-raio-valekano-arasyndagy-matcta-kutpegen-natize-tirkeldi-foto/