Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық гимнастар "Мисс Астана" байқауында жүлделі орыннан көрінді (фото)

Опубликовано:

Дария Шарафиденова жүлделі орын алуда
Дария Шарафиденова. Фото: instagram/kazteam_official

"Мисс Астана" қалалық сұлулық байқауында қазақстандық спортшы қыздар жүлделі орыннан көрінді. Бұл туралы Instagram желісіндегі kazteam_official парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атап айтар болсақ, 4 қараша күні өткен "Мисс Астана" байқауында көркем гимнастикадан спорт шебері Дария Шарафиденова ІІІ дәрежелі "Вице-мисс" атағын жеңіп алды.

Ал тағы бір отандық гимнастика шебері Даяна Шаяхметова "Мисс спорт" аталымында топ жарған.

"Аталған байқауға қатысқаным үшін ерекше қуаныштымын. Себебі, бізбен нағыз шеберлер жұмыс істеді. Баға жетпес тәжірибе жинап, көптеген жаңа таныс таптық. Финалға өткен әрбір бойжеткен өзінше әдемі және ақылды. Барлығымен танысқаным үшін қуаныштымын", - деп жазды Дария Шарафиденова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996306-qazaqstandyq-gimnastar-miss-astana-baiqauynda-zuldeli-orynnan-korindi-foto/

pixel