Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он жылдан соң Олимпиада медалін алған Дәулет Шабанбайға әкім бір бөлмелі пәтер берді

Опубликовано:

Дәулет Шабанбай пәтер кілтімен
Дәулет Шабанбай. Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Дәулет Шабанбайға пәтер кілтін табыс етті. Спортшы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері қатарына енген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл - жазғы Олимпиада ойындарындағы павлодарлықтардың тұңғыш жүлдесі.

"Басты мақсат – жастарға тәжірибем мен еңбексүйгіштік қасиеттерді жеткізе білу. Еңбек бәрін де жеңбек. Қазақстан спортының туы биікте желбірей берсін", – деді Дәулет Шабанбай.

Айта кетейік, Дәулет Шабанбай – Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола және Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Биыл қыркүйек айында допингке қарсы тексеріс нәтижесі шығып, Грузия мен Өзбекстан спортшыларының нәтижелері есепке алынбағаннан кейін жерлесіміз Лондондағы 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Спортшы мансабын аяқтағаннан соң палуан ісін жаттықтырушы ретінде жалғастырмақ ниетте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996308-on-zyldan-son-olimpiada-medalin-algan-daulet-sabanbaiga-akim-bir-bolmeli-pater-berdi/

pixel