Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббат деп осыны айт": Дзюдошы келіншегінің жеңісіне қуанған жігіт көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Опубликовано:

Дзюдошы Камила Берліқаш жарымен
Дзюдошы Камила Берліқаш жарымен. Фото: tiktok/kamila_b00

Әлеуметтік желіде дзюдошы Камила Берліқаш жеңіске жеткен сәтте теледидар алдында ерекше қуанған күйеуінің видеосы тарады. Жас жігіттің бұл әрекеті көпшіліктің сүйіспеншілігін тудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Камила Берліқаш - дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. Ол жақында Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Гранд-слэм турнирінде +78 келі салмақта белдесіп, қола жүлдегер атанды.

Спортшының жұбайы оның шешуші белдесуін достарымен бірге теледидар арқылы тамашалап, әйелі жеңіске жеткен сәтте ерекше эмоцияға ерік берген.

Бұл желі қолданушыларының сүйіспеншілігін тудырды.

"Сіз әйеліңіздің, әйеліңіз сіздің қуаныштарыңызға әрдайым қуанып жүре беріңіздер", "Жүрегі елпілдеп қарап тұр ғой, тақымын қысып. Бақытты болсын", "Керемет, қандай бақытты жандар, осы жеңіске екеуі бірге жетті", "Махаббат деп осыны айт" - деп жазды желі қолданушылары.

Камила Берліқаштың жұбайы оның жаттықтырушысы ретінде де қызмет етеді. Екі жас 2022 жылы шаңырақ құрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1996360-maxabbat-dep-osyny-ait-dzyudosy-kelinseginin-zenisine-quangan-zigit-kopsilikti-suisindirdi-video/

pixel