Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан Қазақстан құрамасының бапкері Черногорияға қарсы матч алдында сұхбат берді

Опубликовано:

Кака
Кака баспасөз мәслихатында. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Черногориямен өтетін матч алдында футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Каканың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

"Ұлттық құраманы жаттықтырғаннан сәттен бастап ең қысқа дайындық осы болып отыр. Бір күн ғана, яғни кеше жаттығу өткіздік. Бүгін бір жаттығу. Ертең ойын алдында тактикалық жаттығу жасау жоспарда бар. Өйткені, ФИФА күнтізбесі небәрі төрт күн. Енді жиналғандықтан команданың тәжірибесіне арқа сүйене отырып алаңға шығамыз. Жаңа ойыншылар үшін қиындау болмақ. Алайда, ештеңе өзгерте алмаймыз", - деп сөзін бастады ол.

Бас бапкердің сөзінше, Черногорияға қарсы матчқа бірқатар ойыншылар қатыса алмайды.

"Эдсон мен Нұрғожиннің болмайтынын айтқым келеді. Олар жарақат алып қалды. Лео туралы айтсақ, ол Бразилиядан келем дегенше ойын өтіп кетер еді. Тайнанның өз чемпионатында ойыны бар. Қазақстанға жету де ұзақ жолды қажет етеді. Ол ойын күні таңғы сағат жетіде келер еді. Сол себепті оның келгені қажет емес деп санадық. Осы кездесуде ойнайтын басқа да ойыншылар бар. Барлығы өз мүмкіндіктерін күтетіні анық", - деді Кака.

Сонымен қатар ол құрамаға Жомарт Тоқаевтың неліктен шақырылмағанын түсіндірді.

"Ұлттық құрамаға шақырту алу үшін ойынымен дәлелдеу қажет. Ұлттық құрамаға қажет екенін дәлелдесе ғана орын табылады", - деді футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1996383-futzaldan-qazaqstan-quramasynyn-bapkeri-cernogoriyaga-qarsy-matc-aldynda-suxbat-berdi/

pixel