Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғжан Тәжібекова Әлем чемпионатында 2 жүлдеге қол жеткізді

Опубликовано:

Тоғжан Тәжібекова
Тоғжан Тәжібекова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Дойбышы Тоғжан Тәжібекова Әлем чемпионатында 2 жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Түркияның Анталия қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дойбыдан Әлем чемпионатына 19 елден 200-ге тарта ойыншы келіп, бақ сынады.

Бұл жолы отандасымыз Тоғжан Тәжібекова 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында дойбының рапид және классика түрінен де екінші орынға ие болды.

Бұған дейін отандық спортшы 64 шаршылы дойбыдан дәл сол санатта әлем чемпионы атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996394-togzan-tazibekova-alem-cempionatynda-2-zuldege-qol-zetkizdi/

pixel