Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты: Алғашқы жекпе-жегінде ұтылған қазақстандық қола медальға ие болды

Опубликовано:

Шаршы алаң
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстандық боксшы Мадина Нұршаева Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

66 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандық боксшы байрақты бәсекені жартылай финалдан бастады. Ақтық мәреге берілетін жолдама үшін таласта Мадина Оңтүстік Кореяның былғары қолғап шебері Чой Хон Гюнге есе жіберді.

Осылайша, отандасымыз Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996459-bokstan-aziya-cempionaty-algasqy-zekpe-zeginde-utylgan-qazaqstandyq-qola-medalga-ie-boldy/

pixel