Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: Желіде Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түскені туралы ақпарат тарады (фото)

Опубликовано:

Алуа Балқыбекова жекпе-жек барысында
Алуа Балқыбекова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түскені туралы бейресми ақпарат тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бейресми ақпарат бойынша Алуа Балқыбекова — Амманда өтіп жатқан Азия біріншілігінің алғашқы жеңімпазы! Оның жапониялық қарсыласы жартылай финалда сол қолын жарақаттап алған", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 48 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғайтын Алуа Балқыбекова финалда Жапония өкілі Като Хикарумен жұдырықтасуы керек еді.

Алуа Балқыбекова
Скриншот: Қазақстанның бокс федерациясы/Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996640-aziya-cempionaty-qazaqstan-qorzynyna-algasqy-altyn-medal-tusti-foto/

pixel