Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатына бара ма

Опубликовано:

Португалия
Португалияның мемлекеттік туы. Фото: pexels.com

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына баратын Португалия құрамасының толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Португалия футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш тізімге 26 футболшыны қосқан. Олардың қатарында әлем футболының жарық жұлдыздарының бірі Криштиану Роналду мен Жоау Феликс бар.

Қақпашылар:

  1. Диогу Кошта ("Порту"),
  2. Жозе Са ("Вулверхэмптон"),
  3. Руй Патрисиу ("Рома").

Қорғаушылар:

  1. Диогу Далот ("Манчестер Юнайтед"),
  2. Жоау Канселу ("Манчестер Сити"),
  3. Рубен Диаш ("Манчестер Сити"),
  4. Антониу Силва ("Бенфика"),
  5. Пепе ("Порту"),
  6. Данилу Перейра ("ПСЖ"),
  7. Нуну Мендеш ("ПСЖ"),
  8. Рафаэл Геррейру ("Боруссия" Дортмунд).

Жартылай қорғаушылар

  1. Жоау Мариу ("Бенфика"),
  2. Вильям Карвалью ("Бетис"),
  3. Жоау Пальинья ("Фулхэм"),
  4. Рубен Невеш ("Вулверхэмптон"),
  5. Матеуш Нунеш ("Вулверхэмптон"),
  6. Витинья ("ПСЖ"),
  7. Отавио ("Порту"),
  8. Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед"),
  9. "Бернарду Силва ("Манчестер Сити").

Шабуылшылар:

  1. Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед"),
  2. Жоау Феликс ("Атлетико"),
  3. Рафаэл Леау ("Милан"),
  4. Андре Силва ("РБ Лейпциг"), 
  5. Гонсалу Рамуш ("Бенфика"), 
  6. Рикарду Орта ("Брага").

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Португалия, Гана, Оңтүстік Корея және Уругвай Н тобында өнер көрсетеді.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1996674-ronaldu-futboldan-katarda-otetin-alem-cempionatyna-bara-ma/

pixel