Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Казақстандық киберспорттың жаңалықтары: Parimatch пен Titan Gaming серіктестік орнатқандығы туралы хабарлайды

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

9 қарашада Titan Gaming киберспорттық командасы мен әлемдік Parimatch беттинг-компаниясы серіктестік орнату туралы келісімге қол қойды. Бұл команда үшін нені білдіреді, Titan Gaming жанкүйерлерін алда не күтіп тұр және бұл қазақстандық киберспортқа қалай әсер етеді – біздің материалдан оқыңыз.

Киберспортқа, атап айтқанда, PUBG MOBILE бағытына қызығушылық танытатын барлық қазақстандық үшін Titan Gaming командасының мүшелері қазірдің өзінде танымал тұлғаларға айналды және айтарлықтай үлкен жанкүйерлер базасын жинап үлгерді. Қазақстанның екі дүркін және қазіргі чемпионы бола отырып, олар 4 айдың ішінде қуатты серпіліс жасап, PMPL AFRICA LEAGUE STAGE (1-орын), PMLP AFRICA FINALS (2-орын), IESF BALI ASIA QUALIFICATION (1-орын), PMPL MEA CHAMPIONSHIP (4-орын) сияқты беделді турнирлерде жүлделі орындарға ие болды.

"Біз PUBG MOBILE-ді мобильді құрылғыларда алғаш пайда болған кезден бастап ойнай бастадық. Оны елемей отыра беру мүмкін емес еді. Бұл ойын мобильді әлемнің жаңалығы болды. Ол көптеген адамның басын біріктірді, соның арқасында өзім де көптеген дос таптым. “Патшалық жекпе-жек” жанры біздің жүрегімізді жаулап алды. Уақыт өте келе қызығушылығымыздың толыққанды киберспортқа қалай айналғанын өзіміз де байқамай қалдық", – деп еске алады 22 жастағы команда капитаны Дамир AXZCER Омаров.

Соңғы уақытта киберспорт саласындағы серіктестерінің қатарын белсенді түрде кеңейтіп жатқан Parimatch үшін Titan Gaming-пен ынтымақтастық орнату бұл жай ғана кезекті ресми келісім емес. Соңғы 2 айда беттинг-компания бразилиялық 00Nation және әлемдік Team Secret сияқты танымал киберспорттық командалармен келісімшартқа отырды, сондықтан қазақстандық чемпиондармен жұмыс істеу - бұл киберспортқа қатысу географиясын кеңейтуге бағытталған қадамы.

"Жігіттердің жеңісті маршын көптен бері қадағалап келеміз. Жоғары пингке қарамастан, олардың PMPL MEA-да көрсеткен өнері біз үшін өте маңызды болды. Бұл әлемдік деңгейдегі ойын, біз де әлемдік брендпіз, сондықтан біз жаһандық деңгейдегі мақсаттар қойып отырмыз. Біз әлеуметтік желілердегі бірлескен медиа-контенттен бастаймыз. Бірте-бірте Қазақстанда киберспортты, атап айтқанда, PUBG MOBILE-ді танымал етуге бағытталған маңызды жобаларға көшеміз", - деп Parimatch Kazakhstan киберспорт бағытының менеджері Сергей Минич алдағы жоспарларымен бөлісті.

Осы жылдың соңына дейін Titan Gaming-тің алға қойған бірқатар үлкен мақсаты бар - жүлде қоры 4 000 000$ құрайтын PUBG MOBILE GLOBAL CHAMPIONSHIP ойынында және IESF-тен құрама командаларының әлем чемпионатында өзін көрсету. Екі чемпионат та LAN-форматында өтеді.

"Біз Қазақстан атынан ойнаймыз, қазір біздің құрам 100% мықты қазақстандық ойыншылардан жасақталған, біз Қазақстанның екі дүркін чемпионымыз және биыл бұл атақты үшінші рет дәлелдеуге ниеттіміз. Titan Gaming қазірдің өзінде елімізді әлемдік киберспорт аренасына жақындатып келе жатқан көшбасшы деп айтуға толық негіз бар және біз мұнымен тоқтап қалғымыз келмейді. Біз Parimatch компаниясының тарапынан пікірлестер мен сенімді серіктестер таптық, сондықтан алда әлі көп нәрсе бар", - деп Titan Gaming басшысы Александр Рыбачук пікірін жеткізді.

Турнирлер мен түрлі лайф-шараларды ұйымдастырумен қатар, команда Қазақстандағы жанкүйерлерімен кездесуді жоспарлап отыр. Кездесудің нақты күні туралы айту әлі ерте, себебі алда жігіттерді турнирлік кесте күтіп тұр. Сондықтан әзірге оларға сәттілік тілеп, Titan Gaming (Instagram: @titangamingpm) және Parimatch (Instagram: @parimatch_kz) әлеуметтік желілеріндегі хабарландыруларды жіберіп алмауға шақырамыз.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996778-kazaqstandyq-kibersporttyn-zanalyqtary-parimatch-pen-titan-gaming-seriktestik-ornatqandygy-turaly-xabarlaidy/

pixel