Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынына екінші алтын медаль түсті (фото)

Опубликовано:

бокс-мокс11
Көрнекі фото: pixabay.com

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жайна Шекербекова финалда Тайланд өкілі Джутамас Джитпонгпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының боксшысы Азия біріншілігінің жеңімпазы атанып отыр.

Бұл ел қоржынына түскен екінші алтын медаль. Осыған дейін Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта құрлықтың үздігі атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996804-bokstan-aziya-cempionaty-el-qorzynyna-ekinsi-altyn-medal-tusti-foto/

pixel