Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатынан үш алтын жеңіп алды

Опубликовано:

Карина Ибрагимова
Карина Ибрагимова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Иордания астанасы Амманда әйелдер арасындағы Азия біріншілігінің финалдық кездесулері өтуде. Ақтық сынға өткен төрт қазақстандық боксшының үшеуі алтын жүлде алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі) және Карина Ибрагимова (57 келі) Азия чемпионы атанды.

Алуа финалдағы қарсыласы бас тартып, автоматты түрде чемпион атанса, Жайна Шекенбекова таиландтық спортшыны, Карина Ибрагимова жапониялық боксшыны ұттыү

Аса ауыр салмақтағы Гүлсая Ержан финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды. Оның үндістандық қарсыласына күші жеткен жоқ.

Айта кетелік, бұдан бөлек Қазақстан әйелдер командасының қоржынында 5 қола медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996824-qazaqstandyq-bokssy-qyzdar-aziya-cempionatynan-us-altyn-zenip-aldy/

pixel