Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының күмісін қанағат тұтты

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан шаршы алаңда. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бокстан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті. Бибосыновтың ізін ала, Махмұд Сабырхан финалда жеңіліс тапты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда Олимпиаданың күміс жүлдегері, филиппиндік Карло Пааламмен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Филиппин өкіліне берді.

Осылайша, Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті. Бұған дейін Сәкен Бибосынов финалда ұтылған болатын.

Айта кетелік, Махмұд Сабырхан жастар арасында Азия чемпионы, ересектер арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996883-maxmud-sabyrxan-aziya-cempionatynyn-kumisin-qanagat-tutty/

pixel