Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының капитаны Азия чемпионатында ел қоржынына "алтын" салды

Опубликовано:

Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов. Фото: пресс-служба Дирекции развития спорта РК

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Асланбек Шымбергенов алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

71 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Асланбек Шымбергенов финалда Иордания өкілі Зеяд Ишайшпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды. Есеп 3:2.

Осылайша, Қазақстан құрамасының капитаны Азия біріншілігінің чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Аммандағы Азия чемпионатының финалында төрт боксшымыз финалда ұтылды. Олар: Сәкен Бибосынов, Сабырхан Махмұт, Серік Теміржанов және Дулат Бекбауов.

Ал ең жеңіл салмақтағы Санжар Тәшкенбай алтын медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996894-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-aziya-cempionatynda-el-qorzynyna-altyn-saldy/

pixel