Тізімде Рамос жоқ: Испанияның Әлем чемпионатына қандай құраммен баратыны белгілі болды

Опубликовано:

Испания
Испанияның мемлекеттік туы. Фото: pexels.com

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына баратын Испания құрамасының толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Испания футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике тізімге 26 футболшыны қосқан. Олардың қатарында әлем футболының жарық жұлдыздарының бірі Серхио Рамос мен Тиаго Алькантара жоқ.

Қақпашылар:

  1. Унаи Симон ("Атлетик"),
  2. Роберт Санчес ("Брайтон"),
  3. Давид Райя ("Брентфорд").

Қорғаушылар:

  1. Дани Карвахаль ("Реал Мадрид"),
  2. Эрик Гарсия ("Барселона"),
  3. Жорди Альба ("Барселона"),
  4. Эмерик Лапорт ("Манчестер Сити"),
  5. Сесар Аспиликуэта ("Челси"),
  6. Пау Торрес ("Вильярреал"),
  7. Хосе Гайя ("Валенсия"), 
  8. Уго Гильямон ("Валенсия").

Жартылай қорғаушылар

  1. Родри ("Манчестер Сити"),
  2. Бускетс ("Барселона"),
  3. Гави ("Барселона"),
  4. Педри ("Барселона"),
  5. Коке ("Атлетико"),
  6. Маркос Льоренте ("Атлетико"),
  7. Карлос Солер ("ПСЖ").

Шабуылшылар:

  1. Альваро Мората ("Атлетико"),
  2. Ансу Фати ("Барселона"),
  3. Ферран Торрес ("Барселона"),
  4. Пабло Сарабия ("ПСЖ"),
  5. Нико Уильямс ("Атлетик"),
  6. Марко Асенсио ("Реал"),
  7. Йереми Пино ("Вильярреал"),
  8. Дани Ольмо ("РБ Лейпциг").

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1996976-tizimde-ramos-zoq-ispaniyanyn-alem-cempionatyna-qandai-qurammen-baratyny-belgili-boldy/