Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Недовесов Словакиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Опубликовано:

Александр Недовесов
Александр Недовесов кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава қаласында (Словакия) өткен Peugeot Slovak Open челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге жүлде қоры 68 мыңдай еуроға бағаланған жарыста үздік шықты.

Доданың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда чехиялықтар Петр Ноза - Андрей Полсонды 4:6, 6:4, 10:6 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Недовесов өзінің спорт жолында челленджер турнирлерінде 25-титулына қол жеткізді. Соның үшеуін жекелей, 22-сін жұптық сында жеңіп алды. Өткен жыл Недовесов үшін аса табысты болды, ол жеті рет чемпион атанды. Бұл - оның жеке рекорды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996978-aleksandr-nedovesov-slovakiyadagy-turnirde-zenimpaz-atandy/

pixel