Таеквондодан әлем чемпионаты: Екі спортшымыз бірінші кездесуде ұтылды

Опубликовано:

Таеквондоға арналған шлем
Көрнекі сурет: bassport.kz

13-20 қараша аралығында Мексиканың Гвадалахара қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алғашқы жарыс күнінде әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Камила Аймұқашева 1/8 финалда ұлыбританиялық Джейд Джонспен кездесіп, 0:2 есебімен жеңілді.

Ал ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Рахым Әділханов ширек финалға өту үшін бразиялиялық Энрике Маркес Родригес Фернандемен кездесіп, 1:2 есебімен қарсыласқа жол берді.

Осылайша, екі отандасымыз әлем чемпионатын 1/8 финалда аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1997302-taekvondodan-alem-cempionaty-eki-sportsymyz-birinsi-kezdesude-utyldy/