Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оразовтың БАӘ-ге қарсы матчқа неліктен қатыспайтыны белгілі болды

Опубликовано:

Футболшы
Рамазан Оразов Өзбекстанға қарсы матчта. Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы жолдастық кездесуге қатыспайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Қазақстанның футбол федерациясы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

"Өкінішке қарай, Рамазан Оразов Абу-Дабидегі матчқа қатыспайды. Өзбекстанмен болған ойында футболшымыз көз жарақатын алып, матчты жалғастыра алмады. Сондықтан, Рамазан БАӘ құрамасына қарсы ойнамайды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Абу-Даби қаласына ұшып барған еді.

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері құрамалары арасындағы жолдастық ойын 19 қараша күні өтеді. Басталуы елорда уақытымен - 21:30.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1997763-orazovtyn-baa-ge-qarsy-matcqa-nelikten-qatyspaityny-belgili-boldy/

pixel