Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депай мен ван Дейк бастаған Нидерланд Әлем чемпионатында қандай құраммен өнер көрсетеді

Опубликовано:

алаң
Фото: pexels.com

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына баратын Нидерланд құрамасының толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нидерланд құрамасының бас бапкері Луи Ван Гал тізімге 25 футболшыны қосқан.

Қақпашылар:

  1. Юстин Бейло ("Фейеноорд"),
  2. Андрис Нопперт ("Херенвен"),
  3. Ремко Пасвер ("Аякс").

Қорғаушылар:

  1. Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль"),
  2. Маттейс де Лигт ("Бавария"),
  3. Дензел Думфрис ("Аякс"),
  4. Тирелл Маласиа ("Манчестер Юнайтед"),
  5. Дейли Блинд ("Аякс),
  6. Юрриен Тимбер ("Аякс"),
  7. Натан Аке ("Манчестер Сити"),
  8. Стефан де Врей ("Интер"),
  9. Жереми Фримпонг ("Байер").

Жартылай қорғаушылар

  1. Коди Гакпо ("ПСВ"),
  2. Тён Копмейнерс ("Аталанта"),
  3. Френки де Йонг ("Барселона"),
  4. Стивен Бергёйс ("Аякс"),
  5. Мартен де Рон ("Аталанта"),
  6. Кеннет Тейлор ("Аякс»"),
  7. Ксави Симонс ("ПСВ").

Шабуылшылар:

  1. Стивен Бергвейн ("Аякс"),
  2. Люк де Йонг (ПСВ),
  3. Ваут Вегорст ("Бешикташ"),
  4. Мемфис Депай ("Барселона"),
  5. Винсент Янссен ("Антверпен"),
  6. Ноа Ланг ("Брюгге").

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Нидерланд, Эквадор, Сенегал және Катар А тобында өнер көрсетеді.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997875-depai-men-van-deik-bastagan-niderland-alem-cempionatynda-qandai-qurammen-oner-korsetedi/

pixel