Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында Уругвай қандай құраммен өнер көрсетеді

Опубликовано:

ала доп
Футболшы жасыл алаңда. Фото: pexels.com

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына баратын Уругвай құрамасының толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Уругвай құрамасының бас бапкері Диего Алонсо тізімге 26 футболшыны қосқан.

Қақпашылар:

  1. Фернандо Муслера ("Галатасарай"),
  2. Серхио Рочет ("Насьональ"),
  3. Себастьян Соса ("Индепендьенте").

Қорғаушылар:

  1. Гильермо Варела ("Фламенго"),
  2. Диего Годин ("Атлетико Минейро"),
  3. Мартин Касерес ("Лос-Анджелес Гэлакси"),
  4. Хосе Хименес ("Атлетико"),
  5. Матиас Оливера («Наполи»),
  6. Себастьян Коатес ("Спортинг"),
  7. Рональд Араухо ("Барселона"),
  8. Матиас Винья ("Рома"),
  9. Хосе Родригес Бебанс ("Насьональ").

Жартылай қорғаушылар

  1. Матиас Весино ("Лацио"),
  2. Родриго Бентанкур ("Тоттенхэм"),
  3. Федерико Вальверде ("Реал"),
  4. Джорджиан де Арраскаэта ("Фламенго"),
  5. Лукас Торрейра ("Галатасарай"),
  6. Николас де ла Крус ("Ривер Плейт"),
  7. Мануэль Угарте ("Спортинг"),
  8. Факундо Торрес ("Орландо Сити"),
  9. Факундо Пельистри ("Манчестер Юнайтед", Англия).

Шабуылшылар:

  1. Луис Суарес ("Насьональ"),
  2. Эдинсон Кавани ("Валенсия"),
  3. Дарвин Нуньес ("Ливерпуль"),
  4. Макси Гомес ("Трабзонспор"),
  5. Агустин Каноббио ("Атлетико Паранаэнсе").

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Уругвай, Португалия, Гана және Оңтүстік Корея Н тобында өнер көрсетеді.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1997931-alem-cempionatynda-urugvai-qandai-qurammen-oner-korsetedi/

pixel