Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатының күнделігі: Төртінші күн немен есте қалды (видео)

Опубликовано:

Испания құрамасы
Испания құрамасының футболшылары гол соққан сәтті тойлау үстінде. Фото: Stu Forster/Getty Images

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем біріншілігінің төртінші күніне жоспарланған барлық ойын аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекенің төртінші күнінде Е және F тобының матчтары өтті.

Марокко мен Хорватия арасындағы кездесуінде есеп ашылмаса, Бельгия-Канада ойынының "тағдырын" жалғыз гол шешіп кетті. Осылайша, 2018 жылғы Әлем біріншілігінің қола жүлдегерлері Солтүстік Америка құрлығынан келген командадан айласын асырды.

Алғашқы турдан кейін F тобындағы жағдай:

Бельгия - 3 ұпай,

Хорватия - 1 ұпай,

Марокко - 1 ұпай,

Канада - 0 ұпай.

Е тобында Испания Коста-Рика қақпасына жауапсыз жеті гол соқса, ал Марокко мен Хорватия ойынында 0:0 есебі тіркелді.

Алғашқы турдан кейінгі Е тобындағы жағдай:

Испания- 3 ұпай

Жапония - 3 ұпай

Германия - 0 ұпай

Коста-Рика - 0 ұпай.

Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998699-alem-cempionatynyn-kundeligi-tortinsi-kun-nemen-este-qaldy-video/

pixel