Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын сәтсіз бастады

Опубликовано:

Спорт кешені
Көрнекі фото: pexels.com

Оңтүстік Кореяның Сеул мен Инчон қалаларында қол добынан әйелдер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. В тобындағы алғашқы турда Қазақстан құрамасы Қытайға есе жіберді. Есеп: 26-28, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Бұл топта тағы Жапония, Таиланд пен Гонконг құрамасы бар. Қазақстандық арулар бүгін, 25 қарашада Гонконгпен ойнайды. Сосын 27 қарашада Таиландпен шеберлік байқасып, соңғы турда (30 қарашада) Жапониямен кездеседі.

Ұлттық құрама ойыншылары: Жанерке Қуандықова, Дана Әбілда, Жанерке Сейтқасым, Татьяна Давыдова, Злата Звягина, Алеся Малышева, Альсина Жұмабек, Наталья Полуянко, Мария Пупченкова, Камила Серікбаева, Кристина Степанова, Вероника Хардина, Мария Ситникова, Ксения Пупченкова, Арайлым Әбдіхамит, Елена Беренда, Дамира Жапарова, Кристина Радаева;

Айта кетейік, құрлық додасы 4 желтоқсанда мәресіне жетеді. Нәтижесінде үздік 5 құрама 2023 жылғы 30 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Дания/Норвегия/Швецияда өтетін XXVI Әлем чемпионатына жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1998893-qazaqstan-quramasy-gandboldan-aziya-cempionatyn-satsiz-bastady/

pixel