Марокко Әлем чемпионатында ешкім күтпеген нәтижеге қол жеткізді
Опубликовано:

Футболдан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алған тағы бір команда белгілі болды. Ол - Марокко құрамасы, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Топтық кезеңнің үшінші турында Марокко мен Канада құрамасы кездесті. "Аль Тумама" стадионында өткен матчта Африка құрлығынан келген команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Гол авторлары: Хаким Зиеш, Юссеф Эн-Несири - Агерд.
Үшінші турдан кейін F тобындағы жағдай:
Марокко - 7 ұпай,
Хорватия - 5 ұпай,
Бельгия - 4 ұпай,
Канада - 0 ұпай.
Осылайша, Марокко құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болып, Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Айта кетейік, төртжылдықтың ірі додасы басталмастан бұрын спорт сарапашылары мен жанкүйерлер F тобынан Бельгия мен Хорватия шығады деп болжаған еді. Алайда Африка құрлығынан келген команда алғашқы турда Хорватиямен тең түссе, екінші турда Бельгиядан айласын асырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999824-marokko-toptyq-kezennen-birinsi-orynmen-syqty/