Уругвай құрамасы Әлем чемпионатындағы жорығын күтпеген жерден тоқтатты
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне Уругвай шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Үшінші турда Гана Уругвай құрамасымен кездесті. Al Janoub стадионында өткен матчта 0:2 есебімен оңтүстік америкалық команда жеңіске жетті.
Гол авторы: Джорджиан де Арраскаэта (дубль).
Үшінші турдан кейін H тобындағы жағдай:
Португалия - 6 ұпай,
Оңтүстік Корея - 4 ұпай,
Уругвай - 4 ұпай,
Гана - 3 ұпай.
Осылайша, Уругвай құрамасы өз тобында үшінші орынға ие болып, Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Айта кетейік, оңтүстік америкалық ұжымнан Корея құрамасы тек доп айырмашылығымен ғана басым болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999990-urugvai-quramasy-alem-cempionatyndagy-zorygyn-kutpegen-zerden-toqtatty/