Катардағы Әлем чемпионатында тағы бір сенсация тіркелді
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында тағы бір сенсация орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Үшінші турда Камерун мен Бразилия кездесті. Lusail Iconic стадионында өткен матчта Африка құрлығынан келген команда 1:0 есебімен ұтты.
Ойындағы жалғыз гол Камерун шабуылшысы Венсан Абубакардың еншісіне жазылды.
Үшінші турдан кейін G тобындағы жағдай:
Бразилия - 6 ұпай,
Швейцария - 6 ұпай,
Камерун - 4 ұпай,
Сербия - 1 ұпай.
Шешуші турдағы жеңілісіне қарамастан Бразилия құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болып, төртжылдықтың ірі додасының плей-офф кезеңіне жолдама алып отыр.
Енді бес дүркін әлем чемпиондары 1/8 финалда Оңтүстік Кореямен кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999991-katardagy-alem-cempionatynda-tagy-bir-sensaciya-tirkeldi/