Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Испаниялық футболшыға корольдің қызы ғашық болып қалды (фото)

Опубликовано:

Леонор ханшайым
Леонор ханшайым. Фото: russpain,com

Футболдан Испания құрамасы бүгін Мороккоға қарсы ойнап, ширек финал жолдамасына таласады. Ал команданың жас жұлдызы Пабло Гавидің өмірі туған жерінде қызу талқылануда, деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атап айтар болсақ, Испания королі Филипп VI ойыннан соң Гавиге келіп, кіші өлшемдегі жейдеге қолтаңба қойдырып алған. БАҚ өкілдері корольдің мұны қызы Леонор үшін жасағанын айтуда.

AS жазуынша, Филипп патша мен Летиция патшайымның үлкен қызы Гавиге ғашық болып қалған. Леонор мектепке ұстайтын папкасына футболшының суретін жапсырып алғаны айтылуда.

Қазіргі таңда әлемдік БАҚ өкілдері Гавидің корольдік отбасыға күйеу бала болуы мүмкін екенін жарыса жазып жатыр. Ал 18 жастағы футболшының жеке өмірі туралы әзірге нақты мәлімет жоқ.

Ол әлем чемпионатында Коста-Рика қақпасына бір гол соғып үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000404-baq-ispaniyalyq-futbolsyga-koroldin-qyzy-gasyq-bolyp-qaldy/

pixel