Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасының жұлдызы Ташкентте Қазақстан намысын қорғайды

Опубликовано:

Софья Берульцева
Софья Берульцева. Фото: olympic.kz

16-20 желтоқсан аралығында Ташкентте WKF каратэден ересектер арасындағы Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Спорт комитетінің ресми сайты.

Ұлттық құрама намысын қорғайтын каратэшілерді назарларыңызға ұсынамыз.

Әйелдер: Софья Берульцева (+68 кг), Лаура Әліқұл (-68 кг), Әсел Қанай (-61 кг), Әсемгүл Ердәулет (-55 кг), Диана Алиманова (-50 кг).

Ерлар: Диас Ұлбек, Бейбарыс Жаңбыр, Нұрнияз Елдашов (+84 кг), Дидар Әмірәлі (-67 кг), Қайсар Алпысбай (-60 кг), Низамиддин Қалматов (-55 кг), Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг), Данияр Юлдашев, Игорь Чихмарев.

Қазақстан құрамасы тек кумите бағдарламасында бақ сынайтынын айта кетейік. Ката сынында қазақстандықтар татамиге шықпайды.

Былтырғы сары құрлық бәсекесі Алматы қаласында өтіп, онда жалпы есепте 49 жүлдемен Иран құрамасы топ жарған. Одан кейін Қазақстан мен Жапония каратэшілері үздік үштікті түйіндеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2000421-tokio-olimpiadasynyn-zuldyzy-taskentte-qazaqstan-namysyn-qorgaidy/

pixel