Құрлықтық хоккей лигасы: "Барыс" маңызды жеңіске қол жеткізді
Опубликовано:

"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ресейлік "Ак Барс" ұжымына қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Барыс Аренада" өткен матчта елордалық ұжым 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің нәтижесі:
"Барыс" (Астана, Қазақстан) — "Ак Барс" (Қазан, Ресей) 3:2
Голдар:
1:0 — 08:01 Шестаков,
2:0 — 16:37 Грант,
2:1 — 30:32 Дыняк,
2:2 — 55:38 Петров,
3:2 — 65:00 Вей.
Еске сала кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін "Невтехимик" командасына қарсы өткізеді. Матч 19 желтоқсан күні болады деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000424-qurlyqtyq-xokkei-ligasy-barys-manyzdy-zeniske-qol-zetkizdi/