Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Sports & Media deTalks: SMM спорттық медианың қосалқы қоры ретінде

Опубликовано:

Sports & Media deTalks
Фото: Parimatch

Atameken Business Practicum және Parimatch Kazakhstan компаниясының бірлескен Sports & Media deTalks жобасы бастау алғаннан кейінгі бір айдан соң тағы да Қазақстан журналистер қауымдастығының басын қосты. Бұл жолы ауқымды спорттық іс-шараларды SMM арналарында жариялау және оларды дамыту тақырыбы талқыланды. Сонымен қатар 2023 жылғы трендтер мен қарқынды дамып келе жатқан YouTube арнасы да елеусіз қалған жоқ.

Atameken Business Practicum және Parimatch Kazakhstan-ның бірлесіп жасаған Sports & Media deTalks жобасы бір ай бұрын бастау алған еді. Ол кезде Қазақстан мен Украина сарапшылары спорт саласының құрамдас бөліктері туралы әңгімелеп, букмекерлік компаниялар туралы мифтерді талқылап, спорт ұйымдары үшін де, БАҚ үшін де өзекті мәселелерді шешу жолдарын іздеген болатын.

Parimatch
Фото: Parimatch

«Бұл жобаны құру туралы ой негізсіз деуге болмайды. Біз, БАҚ өкілдері ретінде Қазақстанның спорттық журналистер қауымы қалай өсіп келе жатқанын, қаншама жалынды жастардың өзін журналист, блогер, комментатор, диктор ретінде бағын сынап жүргенін байқап отырмыз. Сондықтан оларға сапалы контент пен тәлімгерлер қажет екені анық. Тіпті көптен бері осы ортада жүргендер де өз тәжірибесімен, білгенімен бөлісіп, көкейтесті мәселелерді көтеруі керек. Бірінші практикум осыған толық дәлел бола алды», - деп ATAMEKEN BUSINESS медиахолдингінің Даму жөніндегі директоры Руслан Исмаилов ойын жеткізді.

Еске сала кетейік, Sports & Media deTalks жобасының негізгі мақсаты – Қазақстандағы спорттық журналистиканың рөлін нығайту, білім алмасу және спорт тақырыбы мен медиа саласын ұштастыра алған сарапшылардың қауымдастығын құру. Екінші практикумның тақырыбы дәл осы соңғы мақсатпен ұштасып жатқанына көз жеткізуге болады, себебі ақпараттық кеңістікті әлеуметтік желілерсіз елестету мүмкін емес. Бұл туралы Parimatch Kazakhstan компаниясының коммуникациялар бөлімінің басшысы Надежда Лабодовская өз пікірін былай жеткізді:

Parimatch
Фото: Parimatch

«Инстаграмдағы аккаунтыңызды қалай дамыту керектігін жалқаулардан басқасының бәрі айтқан шығар. Сондықтан, біз екінші шараның тұжырымдамасын әзірлеген кезде спорт тақырыбына аса көңіл бөлуді жөн санадық, сондай-ақ SMM-ді тек таныс Instagram тұрғысынан ашу ғана емес, сонымен қатар трендтер мен жарнамалық құралдар туралы айтуды, яғни бүгінгі таңда тез дамып келе жатқан YouTube және Telegram сияқты арналарды да қамтыдық. Қазір осы арналарды дамытуға ден қойғандықтан, біз аудитория үшін контенттің сапалы әрі қызықты болуы қаншалықты маңызды екенін жақсы білеміз. Осы шара аясында өз тәжірибесімен бөлісуге келіскен барша спикерлерге алғысымызды білдіргіміз келеді».

Бұл жолы шараға қатысқандар:

  • Ербол Қайыров – спорт комментаторы, BorodAbata жобасының жүргізушісі, Meta-ratings.kz сайтының бас редакторы;
  • Айдын Қожахмет – спорт журналисі, блогер, Kozhakhmet_inside_official басты футбол Telegram-арнасының авторы;
  • Сергей Якушин – «Ақсу» ФК бас бапкерінің көмекшісі;
  • Сивамбаев Бахтияр – спорт блогері. «Чё травишь» Telegram-арнасының авторы;
  • Сергей Никитин — Parimatch Kazakhstan компаниясының SMM менеджері.

Қазіргі уақытта Катарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатын мысалға ала отырып, мамандар SMM арналарында ауқымды спорттық іс-шараларды көрсетудің ерекшеліктері туралы айтты.

Telegram мен YouTube-тің дамуы, сондай-ақ 2023 жылдың алдағы трендтері туралы көп айтылды. Аудиторияны қызықтыратын әлеуметтік желілерді жүргізудің қыр-сырын нақтылауға негіз болған әрі шараның пайдалылығын арттыра түскен сұрақ-жауаптар да аз болған жоқ.

2023 жылы Sports & Media deTalks жобасы өз жұмысын жалғастырып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның шалғай елді мекендерінде тұратын журналистері де қосыла алатын тұрақты тақырыптық трансляциялар арқылы өз алаңын кеңейтеді деп жоспарлануда. Спикерлер ретінде қазақстандық сарапшылар да, халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар да тартылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2000730-sports-media-detalks-smm-sporttyq-medianyn-qosalqy-qory-retinde/

pixel