Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Испания құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Опубликовано:

Испания
Испанияның мемлекеттік туы. Фото: pexels.com

Футболдан Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике қызметінен кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Испания корольдігінің футбол федерациясы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

"Луис Энрикеге Испания құрамасын жаттықтырғаны үшін алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада.

Оның орнына 61 жастағы Луис де ла Фуэнте келді. Бұған дейін аталған маман Испанияның жастар құрамасын жаттықтырған.

Айта кетейік, футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Испания өз тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңінде Мароккодан жеңіліп қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000755-futboldan-ispaniya-quramasynyn-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti/

pixel