Әлем чемпионаты: Бүгін жартылай финалға шығатын екі құрама анықталады
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін ширек финалдық матчтар басталады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
20.50-де Хорватия мен Бразилия арасындағы матч басталмақ.
Ал Нидерланд-Аргентина ойыны түнгі уақытқа жоспарланған. Қос құраманың футболшылары Астана уақытымен 00.50-де жасыл алаңға шығады.
Qazaqstan және Qazsport телеарналары әлем біріншілігінің бүгінгі кездесулерін тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000807-alem-cempionaty-bugin-zartylai-finalga-sygatyn-eki-qurama-anyqtalady/