Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында ФИФА қай командаларға айыппұл салды

Опубликовано:

Катар
Көрнекі фото: pixabay.com

Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (FIFA) футболдан 2022 жылғы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында үш елге айыппұл салды. Олардың қатарында Сербия, Хорватия мен Сауд Арабиясы бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі bassport.kz басылымына сілтеме жасап.

Топтық кезеңнің 1-тур ойындарының, яғни Сербияның Бразилияға қарсы өткізген матчы (0:2) алдында сербиялықтардың киім ауыстыру бөлмесінде ілініп тұрған елдің туында Косово аймағы бейнеленгені және онда "Hema Прedaje" - "Берлімеу керек" деген сөз жазылғаны айқын көрініп тұрған сурет желіде кең тарайды. 

Мұны көрген Косово футбол федерациясы ФИФА-ға шағым жасайды. Нәтижесінде, Сербия футбол одағына 20 мың еуро айыппұл салынды. 

Сербия әлем чемпионатында айыппұл алған жалғыз ел емес.  ФИФА Хорватия ұлттық құрамасына 50 мың еуро көлемінде айыппыұл салды. Оған себеп - хорватиялықтардың топтық кезеңнің 2-турында Канадаға қарсы өткізген матчында (4:1) жанкүйерлердің стадионға әкелген баннері. Онда: "Книн 95: ешкім Борян сияқты жылдам жүгіре алмайды" деп жазылған. 

Этникалық серб, Канада ұлттық құрамасының қақпашысы Милан Борянның отбасы 1995 Хорватия әскері Книнге басып кіргенде, қазіргі "отандарына" қоныс аударып кеткен. 

Әлем чемпионатында айыппұл алған үшінші ел - Сауд Арабиясы. ФИФА бұл құрамаға Аргентинамен (2:1) және Мексикамен (2:1) өткізген матчтарында сары қағазды көп алғандары үшін 30 мың еуро айыппұл салған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000825-alem-cempionatynda-fifa-qai-komandalarga-aiyppul-saldy/

pixel