Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті

Опубликовано:

ауыр атлетика
Көрнекі фото: pixabay.com

Ауыр атлетикадан Колумбияның Богато қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде 73 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған Алексей Чуркин қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі: 323 келі (153 келі - жұлқа көтеру және 190 келі - серпе көтеру).

Аталған салмақта индонезиялық Рахмат Абдулла әлем чемпионы атанса, оның жерлесі Ризки Джуниансьяху күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, 5 желтоқсанда Боготада ауыр атлетикадан Әлем Чемпионаты басталды. Жарысқа 93 елден 537 спортшы (270 әйел және 267 ер адам) қатысып жатыр. Бұл Әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 13 спортшы қорғайды.

Бұған дейін 55 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Чонтей Арли төртінші орынға табан тіреген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2000973-auyr-atletikadan-alem-cempionatynda-el-qorzynyna-algasqy-medal-tusti/

pixel