Футболдан Әлем чемпионаты: бүгін қандай матчтар өтеді
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін жартылай финалға шығатын екі құрама белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
20.50-де Марокко-Португалия арасындағы матч басталмақ.
Ал Англия-Франция ойыны түнгі уақытқа жоспарланған. Қос құраманың футболшылары Астана уақытымен 00.50-де жасыл алаңға шығады.
Qazaqstan және Qazsport телеарналары әлем біріншілігінің бүгінгі кездесулерін тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000977-futboldan-alem-cempionaty-bugin-qandai-matctar-otedi/