Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Он жыл уақытым кетті": Әлем чемпионатында күміс жүлде алған қазақ баласы медальді қанша күткенін айтты (видео)

Опубликовано:

Нұрғиса Әділетұлы командаластарымен
Нұрғиса Әділетұлы командаластарымен. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алған Нұрғиса Әділетұлы бұл жетістігіне он жыл бойы дайындалған. Бұл туралы Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еске сала кетейік, Нұрғиса Колумбия астанасы Боготода өтіп жатқан әлем біріншілігінде 96 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, күміске қол жеткізді.

"Бұл барша қазақ елінің жеңісі. Осындай екі күміс медаль жеңіп алдым. Осыған он жыл уақытым кетті. Әлі түсіне алмай жатырмын. Өңім ба, түсім бе, білмей жатырмын. Елге жеткен соң сезінетін шығармын. Мен үшін дұғада болған барша қазақ еліне рахмет", - деді спортшы.

Айта кетелік, Нұрғиса Әділетұлы былтырғы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алған. Бұл спортшының әлемдік жарыстағы алғашқы жетістігі саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2001396-on-zyl-uaqytym-ketti-alem-cempionatynda-kumis-zulde-algan-qazaq-balasy-medaldi-qansa-kutkenin-aitty-video/

pixel