Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайсар" футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды (фото)

Опубликовано:

Көрнекі фото
Жасыл алаң. Фото: pexels.com

Қызылордалық "Қайсар" клубының бас бапкері қызметіне Виктор Кумыков келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі футбол ұжымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Виктор Кумыков "қасқырлардың" жанкүйерлеріне етене таныс. Ол бұған дейін де қызылордалық клубта жұмыс істеген. Атап айтсақ 2004 жылы ресейлік маман "Қайсардың" тізігінін ұстап, Сыр жанкүйерлерін жеңіспен қуантқан еді.

Сондай-ақ Виктор "Елімай", "Есіл", "Шахтер", "Ордабасы", "Атырау", өзбекстандық "Мащьал", "Насаф", "АГМК", "Андижан" клубтарын жаттықтырған. Қазақстан футболы тарихында тұңғыш рет "Шахтерді" Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығарды.

Үш мәрте Қазақстанның үздік бапкері атанса, "Шахтер" футбол клубымен екі дүркін премьер-лига жеңімпазы, бір мәрте Қаззақстан кубогы мен суперкубогының иегері атанды. 2008 жылдан бері PRO категориялы жаттықтырушы.

"Қызылорда менің ыстық ұям десем болады. 20 жылдан кейін қайта оралуға мүмкіндік алдым. Өңір басшысы, Сыр жанкүйерлері сенім артып, жауапты қызметтің тізгінін ұстатты. "Қайсардың" алға қойған мақсатын жүзеге асыруда аянып қалмаймын. Алда үш оқу-жаттығу жиынын өткізіп, чемпионатқа тыңғылықты дайындық жүргіземіз", – деді Виктор Кумыков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001417-qaisar-futbol-klubynyn-zana-bas-bapkeri-tagaiyndaldy-foto/

pixel