Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы құрама белгілі болды (видео)

Опубликовано:

Месси
Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына Аргентина құрамасы жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалдың алғашқы матчы Аргентина мен Хорватия арасында өтті.

Кездесуде оңтүстік америкалық ұжымның жолы болып, Златко Даличтың шәкірттерінен басым түсті. Есеп 3:0. Гол авторлары: Лионель Месси (он бір метрлік айып добынан), Хулиан Альварес (дубль).

Осылайша, Аргентина құрамасы Катардағы Әлем біріншілігінің ақтық мәресіне шыққан алғашқы ұжым атанып отыр.

Енді Лионель Месси бастаған команда 18 желтоқсан күні финалда Франция-Марокко жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001459-futboldan-alem-cempionatynyn-finalyna-syqqan-algasqy-qurama-belgili-boldy-video/

pixel