Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұралы Әліп ресми түрде "Зенит" ойыншысы атанды

Опубликовано:

Нұралы Әліп алаңда
Нұралы Әліп. Фото: fc-zenit.ru

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп футболдан Ресей чемпионаты үздіктерінің бірі - "Зенит" клубына ресми түрде қабылданды. Бұл туралы клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Зенит" пен "Қайрат" клубтары футболшының толыққанды ауысуына байланысты келісімге келді. Қазақстан құрамасыны орталық қорғаушысымен арадағы келісімшарт "2,5+1" схемасы бойынша жұмыс істейді. Нұралы Әліп - "Зенит" ойыншысы", - делінген хабарламада.

Нұралы Әліп 1999 жылы 22 желтоқсанда Ақтауда өмірге келген. Сегіз жасынан бастап жергілікті "Каспий" академиясында футболмен айналыса бастайды.

2015 жылы "Қайрат" академиясына ауысып, арада үш жыл өткен соң алматылық клуб сапында алғаш рет алаңға шықты. Нұралы "Қайрат" сапында жалпы есебі 99 матч өткізген.

Командамен бірге Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, ұлттық кубокті екі рет еншілейді.

Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 22 матчта алаңға шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001614-nuraly-alip-resmi-turde-zenit-oiynsysy-atandy/

pixel